"Қайсар" бапкері жұмыстан кету жайлы мәлімдеме жасады

Автор
Алихан Ибраев
Автор
20.04.26, 03:30
«Қайсардың» бас бапкері Андрей Ферапонтов Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы турындағы «Алтаймен» (1:1) тең ойыннан кейін ықтимал отставкасы туралы пікір білдірді.
"Қайсар" бапкері жұмыстан кету жайлы мәлімдеме жасады
Андрей Ферапонтов

— Қазір мен клуб басшылығымен, облыс басшылығымен сөйлесемін... Егер олар мен өз жұмысымды дұрыс атқармай жатырмын десе, менің жұмысыма көңілдері толмайтынын айтса және мәселе менде деп есептесе, кез келген шешімді қабылдаймын, — деді Ферапонтов.

КПЛ-2026 маусымының алты турында «Қайсар» небәрі төрт ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр. Алты матчта қызылордалық команда бірде-бір жеңіске жете алмай, төрт рет тең түсіп, екі мәрте жеңіліс тапты.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5