«Елімай» қорғаушысы Иван Миладинович эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz тілшісіне Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турындағы «Астанаға» қарсы өткен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді – 2:2.
«Жақсы ойын болды, көптеген жекпе-жектер мен қауіпті шабуылдар өтті. Жеңіс екі жаққа да бұрылуы мүмкін еді. Қызықты ойын шықты деп айтуға болады. Иә, біз 2:1 есебін ұстай алмай, соған өкінішті, «Астананы» жазалауға тырысу керек еді, бірақ біз атаулы қожайын болсақ та, қарсыластың алаңында ойнадық. Қалай болғанда да, тең ойын бізге бір ұпай әкелді, бұл турнирлік кестеде жоғары көтерілуімізге мүмкіндік берді», – деді Иван Миладинович.
- Роман Муртазаев маусым басында керемет нәтижелілік көрсетуде. Оны Қазақстан құрамасына шақыратын уақыт келді ме?
- Бұл сұрақ Қазақстан құрамасының бапкерлер штабына. Рома – жарады, жақсы ойнап жүр, бізге көп көмектесіп жүр, өзін көрсетіп жатыр. Алла қаласа, әрі қарай да жақсы өнерін жалғастыра береді деп сенемін.
- Жалпы, «Елімайдың» ҚПЛ-дегі бастамасына көңіліңіз тола ма?
- Бастау жаман емес. Алғашқы екі турда жеңісті қолдан шығарып алдық, ұтуға болатын еді. Алда жеңістерге жетеміз деп үміттенемін.
Иван Миладинович – РПЛ-де тәжірибесі бар серб қорғаушысы. Ол Ресей премьер-лигасында «Пари НН» мен «Сочи» секілді клубтарда 120-ға жуық матч өткізген. 2024/2025 маусымында Қостанайдың «Тобол» командасында Қазақстан чемпионатында өнер көрсетті. 2026 жылдың басында Иван Миладинович клубын ауыстырып, «Елімайға» өтті.