"Шахтер" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
17.04.26, 12:59
Қазақстан Бірінші лигасының матчында қарағандылық Шахтер өз алаңында Екібастұздың Батыр командасымен кездесті.
"Шахтер" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бірінші таймда 36-минутта Ален Айманов есеп ашты. Үзілістен кейін Владислав Прокопенко (50-минут), Касымжан Таипов (62-минут) және алаңға кейін қосылған Ален Пак (83-минут) есепті ірі жеңіске жеткізді. Қорытынды есеп — 4:0, «кеншілердің» айқын жеңісі.

Осылайша, Шахтер төрт ұпай жинап, уақытша екінші орынға көтерілді. Ал Батыр әлі де ұпайсыз қалып, турнир кестесінің соңында тұр.

Айта кетейік, келесі турда қарағандылықтар сырт алаңда Арыс командасымен кездеседі, ал Батыр өз алаңында ақтаулық Каспий М клубын қабылдайды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5