Келісімде белгілі бір мақсаттарға қол жеткізілген жағдайда тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, маманмен ауызша келісімге келінген. Алайда бапкердің өзі қазір ресми түрде қол қоюға қолайлы уақыт емес деп санайды, өйткені ол келісімшартты нәтижелері арқылы ақтағысы келеді.
61 жастағы Ханс-Дитер Флик «Барселонаны» 2024 жылдың мамырынан бері жаттықтырып келеді. Оның клубпен қазіргі келісімі 2027 жылға дейін жарамды.
Қазіргі таңда Барселона Испания чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. Команда 31 матчта 79 ұпай жинаған.