Команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, клубтан Абылайхан Жұмабек, Еркебұлан Тойбеков және Абинұр Нұрымбет кетті. Айта кетейік, соңғысы жаңа командаға ауысып үлгерген.
Еске салайық, жақында «Тұран» клубында бапкерлік өзгеріс болды – бас жаттықтырушы қызметіне қазақстандық маман Абдухалық Бурибаев тағайындалды. Оның алдындағы бапкер Виталий Жуковский қайтадан «Атырау» клубына оралған еді.