Ислам Чесноков ҚПЛ-ге қатысты шешім қабылдады

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.04.26, 12:20
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков ҚПЛ-ға оралу нұсқасын қарастырмайды, деп хабарлайды инсайдер Елдар Аманбаев.
Ислам Чесноков ҚПЛ-ге қатысты шешім қабылдады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қазақстан құрамасы мен шотландиялық “Хартс” клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков елге қайту нұсқасын қарастырып жатқан жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та футболшыны семейлік “Елімайға” жалға беру мүмкіндігі туралы ақпарат тараған болатын. Алайда менің мәліметім бойынша, вингер маусым аяқталғаннан кейін жаңа маусымға дайындалу үшін шотландиялық клубпен толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ қазіргі таңда “Елімай” клубында да қазақстандық футболшыны жалға алу нұсқасы қарастырылып жатқан жоқ», — деп жазады Аманбаев өз телеграм-арнасында.

Чесноков “Хартс” клубына биылғы жылдың 6 қаңтарында ауысқан. Қазіргі таңда ол шотландиялық команда сапында сегіз матч өткізіп, бір гол соқты.

Бұған дейін БАҚ-та Чесноков пен “Ахматтың” вингері Ғалымжан Кенжебек “Елімайға” жалға ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5