ҚПЛ клубы маусым басталған шақта аренасын ауыстырды

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.04.26, 09:46
Қазақстан Премьер-лигасының бір клубы уақытша өз алаңын ауыстырып, матчтарын елордада өткізетін болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
ҚПЛ клубы маусым басталған шақта аренасын ауыстырды
Сурет: ашық дереккөздерден

Әңгіме павлодарлық «Ертіс» туралы. Мамыр айынан бастап команда қарсыластарын «Астана Арена» стадионында қабылдайды. Көшу себебі — «Орталық» стадиондағы жасанды жабындыны ауыстыру жұмыстары. Әдетте команда үй матчтарын дәл осы аренада өткізетін.

Қазіргі уақытта «Астана Аренада» «Астана» мен «Жеңіс» өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ өз стадионы дайын болмағандықтан, «Елімай» да матчтарын осы жерде өткізуге мәжбүр.

Нысанда ауқымды реконструкция жүргізіліп, оған мемлекеттік бюджеттен шамамен 15 миллиард теңге бөлінген.

Еске салайық, «Ертіс» биылғы маусымда Премьер-лигаға қайта оралды. Бес турдан кейін павлодарлық ұжым алты ұпай жинап, турнирлік кестеде оныншы орында тұр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5