Конференция лигасының жалпы кезеңіне қатысуы мүмкін 36 команда алты себетке бөлінген. Командалар УЕФА-ның клубтық коэффициентіне қарай орналастырылады. Бұл коэффициент клубтардың соңғы бес жылдағы еурокубоктардағы нәтижелеріне байланысты есептеледі. Ең мықты себетте (әдетте 1-себет) рейтингі ең жоғары командалар болады.
Өткен Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша ел намысын еурокубоктарда төрт клуб қорғайды: «Қайрат» — Чемпиондар лигасында, ал «Астана», «Тобыл» және «Елімай» — Конференциялар лигасында.
Порталдың болжамынша, Конференциялар лигасында Қазақстаннан жалғыз өкіл — алматылық «Қайрат» болады. Айта кетейік, бұл клуб биылғы маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсеткен. Ал «Астана», «Тобыл» және «Елімай» командалары турнирдің плей-офф кезеңіне ықтимал қатысушылар тізіміне енбеген.