ПСЖ екі ойында да "Ливерпульден" басым түсті

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.04.26, 04:33
2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы жауапты матчта ағылшынның «Ливерпуль» клубы мен Францияның «ПСЖ» командасы кездесті.
ПСЖ екі ойында да "Ливерпульден" басым түсті
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойын Ливерпуль қаласындағы «Энфилд» стадионында өтті. Бас төреші — Маурицио Мариани. Кездесу қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матчтың 73-минутында қонақтардың шабуылшысы Усман Дембеле есеп ашты. Ал 90+1-минутта Дембеле дубль авторы атанды.

Алғашқы ойында да «ПСЖ» «Ливерпульді» 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша француз клубы 4:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Келесі кезеңде олар «Реал» Мадрид — «Бавария» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Париждік клубтың негізгі құрамында ресейлік қақпашы Матвей Сафонов алаңға шығып, матчты «құрғақ» өткізді.

1/8 финалда «ПСЖ» екі ойын қорытындысы бойынша «Челсиді» 8:2 есебімен жеңген болатын. Ал дәл осы кезеңде «Ливерпуль» «Галатасарайды» 4:1 есебімен ұтқан еді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5