Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанды тас-талқан етті

Автор
Fonteam редактор
Автор
14.04.26, 03:29
Қазақстан футзал құрамасы Ақтауда Әзербайжанмен жолдастық матч өткізді.
Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанды тас-талқан етті
Сурет: ашық дереккөздерден

Какау келесі құрамды алаңға шығарды: Игита, Эдсон, Валиуллин, Карменов, Оразов — Сериков, Кнауб, Дарибай, Акбаликов, Рашит, Абдуманапұлы, Мадияров, Қайрбай, Дерябин.

Ұзақ уақыт бойы қонақтарды қақпашы Джавад Мамедов құтқарып тұрды. Алайда 14-минутта алаң иелерінің капитаны Лео Игита алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Ізінше бірден Абдирасул Абдуманапұлы (14-минут) мергендік танытты. Новруз Казиханов (16-минут) есеп айырмасын қысқартқанымен, көп ұзамай Альберт Акбаликов (16-минут) қайта ұлғайтты.

Екінші таймда Біржан Оразов (24-минут) есепті ірі қылды. Одан кейін Ақжол Дарибай (30-минут), Агедиль Мадияров (31-минут), дубль авторы атанған Оразов (32-минут), Арнольд Кнауб (33-минут) және тағы бір мәрте гол соққан Мадияров (37-минут) көзге түсті. Соңғы голды Рустамли Октай (38-минут) соқты — 9:2.

Екі команда арасындағы екінші ойын 15 сәуірде өтеді.

Айта кетейік, бұл матч Кака кеткеннен кейін және Какаудың қайта оралуынан соң ұлттық құраманың алғашқы ойыны болды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5