Джек Уилшир бапкерлік мансабындағы алғашқы трофейді жеңді

Автор
Fonteam редактор
Автор
13.04.26, 15:56
Лутон Таун клубы бас бапкер Джек Уилшир жетекшілігімен Англия футбол лигасы трофейін жеңіп алды.
Джек Уилшир бапкерлік мансабындағы алғашқы трофейді жеңді
Сурет: ашық дереккөздерден

Финалда команда Стокпорт Каунти клубын 3:1 есебімен ұтты. Бұл — «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Уилширдің бапкерлік мансабындағы алғашқы жүлдесі.
Маман «шляпшыларды» 2025 жылдың қазан айынан бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол Норвич Сити клубында жұмыс істеген.
Ойыншы ретіндегі мансабында Джек Уилшир Арсенал, Болтон, Борнмут, Вест Хэм Юнайтед және даниялық Орхус клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол Англия құрамасы сапында да ойнаған.
Англия футбол лигасы трофейі турниріне Лига 1 мен Лига 2 (Англиядағы үшінші және төртінші дивизион клубтары), сондай-ақ АПЛ мен Чемпионшип командаларының жастар құрамалары қатысады. Бұл — Англиядағы маңыздылығы жағынан ел кубогы мен Лига кубогынан кейінгі үшінші турнир.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5