«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола журналистің командасының маусым соңында неге қарқын қосқаны туралы сұрағына әзілмен жауап берді. Соңғы рет «Сити» АПЛ аясында қаңтардың ортасында жеңілген еді — сол кезде «қалалықтар» «Манчестер Юнайтедке» 0:2 есебімен жол берді.
«Күннің әсері! Жоқ, жоқ, әзілдеп тұрмын! Манчестерде ешқашан күн болмайды. Егер қарашада күн шығып тұрса, біз Премьер-лиганың чемпионын қаңтардың өзінде-ақ атанар едік. Шынын айтсам, бәрі күнге байланысты. Көңіл-күй де жақсарады», — деп келтіреді Гвардиоланың сөзін инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде.
Қазіргі таңда «Манчестер Сити» АПЛ турнирлік кестесінде 6 ұпайға алда тұрған «Арсеналдан» кейін екінші орында келеді. Сонымен қатар «қалалықтардың» бір ойыны артық бар.