"Борнмут" шабуылшысы 1999 жылдан бері 10 гол соққан алғашқы тинейджер

Автор
Алихан Ибраев
Автор
12.04.26, 08:12
19 жастағы «Борнмут» шабуылшысы Эли Крупи Англия Премьер-лигасындағы дебюттік маусымында 10 және одан көп гол соққан алғашқы жасөспірім атанды.
"Борнмут" шабуылшысы 1999 жылдан бері 10 гол соққан алғашқы тинейджер
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұған дейін мұндай жетістікке Робби Кин «Ковентри Сити» сапында 1999/2000 маусымында жеткен еді. Бұл туралы Squawka статистикалық порталы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Крупидің 10-голы АПЛ-дың 32-туры аясындағы «Арсеналға» қарсы матчта соғылды. Ойын «Эмирейтс» стадионында өтіп жатыр. Жаңалық жазылып жатқан сәтте есеп — 1:1.

Форвард «Борнмут» сапында 2025 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ағымдағы маусымда Крупи барлық турнирде 28 матчқа қатысып, 10 гол соқты. Ойыншының клубпен келісімшарты 2030 жылдың жазынына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, шабуылшының нарықтық құны €40 миллионды құрайды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5