Қазақстан құрамасына жаңа кандидат қарастырылуда

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.06.25, 13:12
Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы құрамға жаңа ойыншы қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Қазақстан құрамасына жаңа кандидат қарастырылуда
Fonteam

Бұл туралы бас бапкердің көмекшісі Елдос Ахметов «Fonteam» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Әңгіме «Оқжетпес» клубының жартылай қорғаушысы Арсен Әшірбек жайында.

«Әрине, Арсен өзін жақсы жағынан көрсетіп жүр. Біз оны бала кезінен білеміз – өте еңбекқор. Тіпті оны өзара "біздің Канте" деп атаймыз. Универсалды ойыншы, біздің тактикамызға жақсы келеді. Қазіргі таңда оны бақылап жүрміз, бірақ әлі де уақыт керек», – деді Ахметов.

21 жастағы жартылай қорғаушы «Тараз» футбол мектебінің түлегі. 2024 жылдың ақпан айында «Оқжетпеске» ауысқан. Биылғы маусымда ол 11 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас беріп үлгерген.

 

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5