51 жастағы ресейлік маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Ол клубпен түпкілікті қоштасқан словакиялық маман Штефан Тарковичтің орнын басты.
Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген. Футболшылық мансабын жергілікті «Памир» клубында бастап, кейін Ресейдің «Локомотив» (Мәскеу), «Торпедо» (Мәскеу) және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.
Бапкерлік қызметтегі ең ірі жетістігіне 2015 жылы Мәскеудің «Локомотивімен» жетіп, команданы Ресей Кубогының жеңімпазы атандырды.
Кейін ол Ресейдің «Балтика», «Арсенал» (Тула), «Химки» және «Факел» клубтарын, сондай-ақ Тәжікстанның «Истиклол» командасын жаттықтырды. Душанбе клубымен бірге қатарынан үш мәрте Тәжікстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар «Истиклолды» Азия Чемпиондар лигасына шығарды.
Еске салайық, «Ақтөбе» бұған дейін Штефан Тарковичпен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде хабарлаған болатын. Словакиялық маман команданы 2026 жылдың сәуірінен бері жаттықтырды. Оның қызметінен кететіні шілде айының ортасында белгілі болғанымен, келісімшартта қарастырылған өтемақы мәселесіне байланысты тараптар келісімді бірден бұза алмаған еді.
Таркович кеткеннен кейін бас бапкердің міндетін уақытша Ернар Жалбыров атқарды. Оның жетекшілігімен «Ақтөбе» екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.