49 жастағы ресейлік маман шорт-листке еніп, онымен келіссөздер жүргізілген.
Адиевтен бөлек, үміткерлер тізімінде отандық мамандар, атап айтсақ, Григорий Бабаян, Қайрат Нұрдәулетов және басқа да бапкерлер бар.
Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында жаттықтырды және ұлттық құрама тарихындағы ең табысты бапкер болып саналады. Оның басшылығымен қазақстандық футболшылар тарихи нәтижелерге қол жеткізді:
Ұлттық құрамадағы жұмысын аяқтағаннан кейін ресейлік маман мансабын клубтық деңгейде жалғастырды. Ол грозныйлық «Ахмат», мәскеулік «Химки», самаралық «Крылья Советов», сондай-ақ беларусьтік «МЛ Витебск» клубтарын жаттықтырды.
Қазіргі уақытта Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымы бос тұр. Жаңа бапкерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.