«Қызылжар» қорғаушысы мансабын «Партизанда» жалғастыруы мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
12.05.26, 05:00
Петропавлдық «Қызылжардың» белді қорғаушысы Анатолий Козленко сербиялық «Партизан» клубының назарына ілікті.
«Қызылжар» қорғаушысы мансабын «Партизанда» жалғастыруы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

23 жастағы украиналық футболшы осы маусым аяқталғаннан кейін белградтық ұжымға ауысуы мүмкін. Өткен қыста қорғаушыға «Ақтөбе» тарапынан үлкен қызығушылық болғанымен, сол уақытта теріскейлік клуб басшылығы трансферден бас тартқан еді.

Биылғы маусымда Козленко петропавлдық клуб сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

«Қызылжар» ойыншыға екі жылдық жаңа келісімшарт ұсынған, бірақ футболшының тарапы бұл ұсынысты қабылдамады. Осылайша, 2026 жылғы маусымның соңында Козленко еркін агент мәртебесінде жаңа клубқа ауысуы мүмкін.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5