"Оқжетпес" пен "Атырау" мықтыны анықтай алмады

Автор
Fonteam редактор
Автор
09.05.26, 11:52
Ойын Көкшетауда өтті.
"Оқжетпес" пен "Атырау" мықтыны анықтай алмады
Сурет: ашық дереккөздерден

Көкшетаулық Окжетпес Қазақстан Премьер-Лигасының тоғызыншы турында Атырау командасымен тең түсті.

Кездесу «Оқжетпес» стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі астаналық Арман Исмұратов болды.

Командалардың бастапқы құрамдары:

«Оқжетпес»: Лобанцев, Мұхаметханов, Кузьмичев, Де Ассунсау, Совпель, Бородин, Бурибаев, Васильев, Нұрымбет, Өміртаев, Жаңылышбай.

«Атырау»: Тоқтаров, Қалмұратов, Юденков, Хвалько, Сатанов, Ткаченко, Нойок, Жұматов, Абдулла, Девенс, Дорофеев.

Бірінші таймда көкшетаулық клуб бастаманы өз қолына алып, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Үзілістен кейін ойын тең дәрежеде өрбіді, екі команда да гол соғуға мүмкіндік алды. Алайда матчта есеп ашылған жоқ — 0:0.

Осылайша, «Оқжетпес» 16 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында қалды. Ал «Атырау» 11 ұпаймен кестенің орта тұсында келеді.

Окжетпес — Атырау 0:0.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5