Таркович Нанидің трансфері туралы: мәселе оның алаңда қанша минут өткізетінінде емес

Автор
Fonteam редактор
Автор
01.05.26, 04:01
«Ақтөбенің» бас бапкері Штефан Таркович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында екі жылдық үзілістен кейін мансабын қайта жаңғыртқан португалиялық Луиш Нанидің трансферіне қатысты күмәнмен қарағандарға жауап берді.
Таркович Нанидің трансфері туралы: мәселе оның алаңда қанша минут өткізетінінде емес
Луиш Нани. Фото: "Ақтөбе" ФК

«Клубтың тәжірибе мен жастардың қуаты ұштасқан теңгерімді команда құруға ұмтылып жатқанын көріп отырмын. Әрбір трансферлік кезең – күшейе түсуге мүмкіндік. Наниге келетін болсақ, оның екі жылдық үзілісі мәселе болады деп ойламаймын.

Білесіз бе, мәселе Нанидің алаңда нақты қанша минут өткізетінінде емес. Мәселе – команданың табысқа жетуі үшін біз оның әлеуетін қалай пайдалана алатынымызда. Оның өте пайдалы ойыншы екеніне 100 пайыз сенімдімін. Егер Нани бабында болса, денсаулығы сыр бермей, әрине, мотивациясы жоғары болса, осы маусымда «Ақтөбеге» орасан зор пайда әкеледі», – деді Таркович.

Еске салайық, Нани «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде тоғыз матч өткізіп, екі гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5