"Атлетико" мен "Арсенал" ойынында екі гол соғылды

Автор
Fonteam редактор
Автор
30.04.26, 06:08
2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы аяқталды. Онда мадридтік «Атлетико» мен лондондық «Арсенал» кездесті.
"Атлетико" мен "Арсенал" ойынында екі гол соғылды
Сурет: ашық дереккөздерден

2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы аяқталды. Онда мадридтік «Атлетико» мен лондондық «Арсенал» кездесті. Ойын Мадридтегі «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтті. Бас төреші қызметін Данни Маккели атқарды. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Матчтағы есепті 44-минутта лондондық команданың шабуылшысы Виктор Дьёкереш пенальтиден ашты. Екінші таймда, 56-минутта алаң иелерінің форварды Хулиан Альварес 11 метрлік соққыны дәл орындап, есепті теңестірді.

Командалар арасындағы қарымта матч 5 мамыр күні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.

Ширек финалда «матрасниктер» екі матчтың қорытындысы бойынша «Барселонаны» 3:2 есебімен жеңді. Ал «канонирлер» осы кезеңде екі ойынның нәтижесінде «Спортингті» 1:0 есебімен ұтты.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5