Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Атырау» мен талдықорғандық «Жетісу» кездесті.
Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесуге Астанадан келген Марат Искаков бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Атырау»: Хаткевич, Қалмұратов, Юденков, Сатанов, Ткаченко, Нойок, Джуматов, Рабиу, Абдулла, Девенс, Дорофеев;
«Жетісу»: Сикач, Балтабеков, Аслан, Кашкен, Флорес, Жақыпбаев, Нұрбол, Уманиязов, Бірқұрманов, Зиванович, Йованович.
Бірінші таймда гол соғылған жоқ. Ал екінші таймның басында қонақтар екі рет мергендік танытты: 48-минутта Мансур Бірқұрманов, 55-минутта Стахинья Йованович гол соқты. Қорытынды есеп — 0:2, қонақтардың пайдасына.
Осылайша, «Жетісу» келесі кезеңде «Ордабасы» мен «Каспий» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін ширек финалға астаналық «Жеңіс» пен петропавлдық «Қызылжар» жолдама алған еді.