"Қызылжар" сырт алаңда "Ертісті" тізе бүктіріп, келесі кезеңге өтті

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.04.26, 13:44
Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдады.
"Қызылжар" сырт алаңда "Ертісті" тізе бүктіріп, келесі кезеңге өтті
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдады.

Матч Павлодардағы «Орталық» стадионында өтті. Кездесуге Өскемен қаласынан келген Александр Затула бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.

Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:

«Ертіс»: Ботнарь, Ибрагим, Төлеуов, Хадаркевич, Каримов, Буранчиев, Шимамура, Нечаев, Байбосынов, Седько, Турлыбек;

«Қызылжар»: Петров, Козленко, Сламбеков, Галабов, Губарев, Перцух, Черединов, Чирков, Адиль, Валгушев, Бугре.

Бірінші таймның ортасында, 23-минутта Демият Сламбеков қонақтарды алға шығарды. Алайда жеті минуттан кейін Мирас Турлыбек (30-минут) есепті теңестірді. Екінші таймда Пламен Галабовтың 59-минуттағы голы жеңіс голы болып тіркелді — 2:1 «Қызылжардың» пайдасына.

Осылайша, петропавлдық клуб турнирдің ширек финалына жолдама алды, ал павлодарлық команда жарысты аяқтады.

«Ертіс» — «Қызылжар» 1:2 (1:1)

Голдар: Сламбеков 23 (0:1), Турлыбек 30 (1:1), Галабов 59 (1:2).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5