"Астана" Қазақстан кубогындағы сапарын тоқтатты

Автор
Алихан Ибраев
Автор
29.04.26, 12:45
«Астана» мен Қостанайдың «Тобылы» футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалында кездесті.
"Астана" Қазақстан кубогындағы сапарын тоқтатты
Сурет: ашық дереккөздерден

«Астана» мен Қостанайдың «Тобылы» футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалында кездесті.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтті. Кездесуге Орал қаласынан келген Денис Тевяшов бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.

Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:

«Астана»: Сейсен, Шомко, Нұрмұхамбет, Токен, Токенов, Караман, Серіков, Ануаров, Абдурасулов, Жақсылық, Аханону;

«Тобол»: Устименко, Бакитжанов, Марочкин, Қалмырза, Глущенков, Мякиш, Марат, Усенов, Зуев, Мохамед Амин Талал, Хебай.

Ойынның 7-минутында есепті Мохамед Амин Талал ашты. Бірінші таймға қосылған уақытта Данияр Усенов (45+2) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Екінші таймда астаналықтар бірнеше қауіпті сәттер жасағанымен, тек 80-минутта Санжар Ануаров таразы басын теңестірді. Кездесудің тағдырын Карло Бартолецтің қолмен ойнағанынан кейін белгіленген пенальти шешті — оны 87-минутта Жаслан Жұмашев сәтті орындап, есепті 1:2-ге жеткізді.

Осылайша, келесі кезеңге «Тобол» өтті. Олар Қызылорданың «Қайсары» мен Алматының «Қайраты» арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін турнирдің ширек финалына елордалық «Жеңіс», петропавлдық «Қызылжар» және талдықорғандық «Жетісу» командалары шыққан болатын.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5