"Қайраттың" ЧЛ тапқан қаражаты белгілі болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.04.26, 10:49
«Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысқаны үшін қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды Kana Beisekeyev YouTube-арнасы
"Қайраттың" ЧЛ тапқан қаражаты белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысқаны үшін қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды Kana Beisekeyev YouTube-арнасы.

— Чемпиондар лигасынан қанша табыс таптыңыздар?

— Бұл құпия ақпарат.

— Бірақ ол ақпарат барлық жерде бар ғой. Жалпы түсім жаман емес пе?

— Жалпы алғанда, медиақұқықтардан түсетін қаржыны да күтіп отырмыз, шамамен 35 миллион доллардың айналасында.

Ағымдағы еурокубок маусымында «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. Алматы клубы іріктеудің төрт кезеңінен өтті. Жалпы кезеңде «Спортингке» (1:4, сырт алаңда), «Реалға» (0:5, өз алаңында), «Пафосқа» (0:0, өз алаңында), «Интерге» (1:2, сырт алаңда), «Копенгагенге» (2:3, сырт алаңда), «Олимпиакосқа» (0:1, өз алаңында), «Брюггеге» (1:4, өз алаңында) және «Арсеналға» (2:3, сырт алаңда) қарсы ойнады. Бір ұпай жинап, турнирлік кестеде 36-орынмен соңғы болып қалды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5