ПСЖ – "Бавария" матчында тоғыз гол соғылды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
29.04.26, 04:03
2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы аяқталды. Бұл ойында Францияның Пари Сен-Жермен клубы мен Германияның Бавария командасы кездесті
ПСЖ – "Бавария" матчында тоғыз гол соғылды
Сурет: ашық дереккөздерден

2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы аяқталды. Бұл ойында Францияның Пари Сен-Жермен клубы мен Германияның Бавария командасы кездесті. Париждік ұжым 5:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу Париж қаласындағы Парк де Пренс стадионында өтті. Бас төреші — Сандро Шерер (Бюттикон, Швейцария).

17-минутта Гарри Кейн пенальтиден гол соғып, мюнхендіктерді алға шығарды. 25-минутта Хвича Кварацхелия есепті теңестірді. 33-минутта Жоау Невеш париждіктердің екінші голын соқты. 41-минутта Майкл Олисе есепті 2:2-ге жеткізді. 45+5-минутта Усман Дембеле пенальтиден гол соғып, өз командасын қайта алға шығарды.

56-минутта Кварацхелия дубль авторы атанды. 58-минутта Дембеле есепті 5:2-ге жеткізді. 65-минутта Деотшанкюль Юпамекано «Баварияның» үшінші голын соқты. 69-минутта Луис Диас мюнхендіктердің төртінші добын салды.

Қарымта матч 6 мамыр күні Арена Мюнхен стадионында өтеді.

Ширек финалда париждіктер екі матчтың қорытындысы бойынша Ливерпуль клубын 4:0 есебімен жеңді. Ал мюнхендіктер осы кезеңде мадридтік Реал командасын 6:4 есебімен ұтты.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5