Келесі маусымда «Барселона» клубының негізгі орталық шабуылшы позициясына басты үміткер — мадридтік «Атлетико» ойыншысы Хулиан Альварес. Алайда клуб балама нұсқаларды да қарастырып жатыр. Солардың бірі — «Челси» шабуылшысы Жоао Педро, деп хабарлайды Sport.es.
Дереккөздің мәліметінше, «Камп Ноудағы» тұрақсыз экономикалық жағдайға байланысты «Атлетикомен» Альварестің трансфері бойынша келіссөздер қиынға соғуы мүмкін.
Педроның нарықтық құны 75 миллион еуроны құрайды, ал оның клубпен келісімшарты 2033 жылға дейін жарамды. «Барселона» трансферді жүзеге асыру үшін «Челсидің» қаржылық қиындықтарын пайдалануы ықтимал, себебі лондондық клубқа қаржылық фэйр-плей талаптарын сақтау үшін қаражат жинау қажет.
Сонымен қатар, шабуылды күшейтуге үміткерлер тізімінде «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес те бар.