Роналду финал алдында: «Аль-Наср» ірі жеңіспен шешуші матчқа шықты

Автор
Алихан Ибраев
Автор
23.04.26, 10:34
41 жастағы «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2025/2026 маусымындағы АФК Чемпиондар лигасы 2 турнирінің финалына шығу туралы пікір білдірді.
Роналду финал алдында: «Аль-Наср» ірі жеңіспен шешуші матчқа шықты
Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Жартылай финалда саудиялық команда Катардың «Аль-Ахли» клубын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Айта кетейік, Роналду бұл кездесуде 78 минут алаңда болып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

«Командаммен мақтанамын. Финал күтіп тұр!» — деп жазды Роналду X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Финалда «Аль-Наср» 16 мамыр күні жапониялық «Гамба Осакамен» кездеседі.

Осы маусымда Криштиану барлық турнирде клуб сапында 31 матч өткізіп, 26 гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5