"Қайсар" өз алаңында "Алтаймен" тең тарқасты

Автор
Fonteam редактор
Автор
19.04.26, 16:57
Қызылордалық «Қайсар» мен өскемендік «Алтай» Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы турының қорытынды матчында кездесті.
"Қайсар" өз алаңында "Алтаймен" тең тарқасты
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойын «Қайсар Арена» стадионында өтті. Кездесуге Астанадан келген Марат Ысқақов бастаған төрешілер бригадасы қазылық етті.

Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:

«Қайсар»: Саладин, Аскаров, Мохаммад, Идрисов, Кенесбек, Әбікен, Цуцкич, Тәжибай, Джонс, Мозес, Мұхамед;

«Алтай»: Коновалов, Шмидт, Кенжегулов, Мичевич, Одеоибо, Иванов, Назымханов, Дадаев, Попов, Кукеев, Стойсавлевич.

Алаң иелері басымдыққа ие болып, қонақтар қорғанысқа көбірек мән берді. Есеп бірінші таймның соңына қарай ашылды: Әділет Кенесбек айып алаңына еніп, Иван Коноваловты алдап соқты. «Қасқырлар» бастаманы қолдан бермегенімен, 86-минутта Сэйф Поповтан гол жіберіп алды — 1:1.

Осылайша, «Қайсар» маусымдағы алғашқы жеңісіне жете алмай, төрт ұпаймен турнир кестесінде 13-орында тұр. Ал одан бір саты төмен орналасқан «Алтайдың» еншісінде үш ұпай бар.

«Қайсар» — «Алтай» 1:1 (1:0)

Голдар: Кенесбек 38 (1:0), Попов 86 (1:1).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5