— Ең алдымен, матчты бірінші минуттан соңғысына дейін толық күшпен өткізген бүкіл командаға алғыс айтқым келеді. Қарсыласқа да құрмет көрсету керек. Ойын алдында бір апта бойы жігіттерге олардың турнир кестесінің жоғарғы орындарында кездейсоқ жүрген жоқ екенін айттым. Өте қызықты, өзіндік стилі бар команда. Сондықтан матчтан кейін де солай ойнауды жалғастыруларына тілек білдірдім. Ал біз үшін қалаға мереке сыйлау маңызды болды — әсіресе принципті қарсыласты өз алаңымызда жеңу. Құдайға шүкір, бәрі ойдағыдай болды. Баршаға эмоция сыйладық. Дегенмен, басшылар айтқандай, матч өте «валидолды» өтті, өйткені қатарынан екінші ойында 90-минуттарда гол жіберу оңай емес. Бірақ жігіттер мінез көрсетті, соңына дейін күресті және қарсыласты жеңе білді. Бұл — ерік-жігердің жеңісі. Осы жеңіспен бүкіл клубты, қаланы және жанкүйерлерді құттықтаймын, — деді Мартин баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 жетінші турында «Ордабасы» 25 сәуір күні сырт алаңда петропавлдық «Қызылжармен» кездеседі.