Испания кубогының финалы сенсациямен аяқталды

Автор
Fonteam редактор
Автор
19.04.26, 06:40
2025/2026 жылғы Испания Кубогының финалдық матчы аяқталды. Шешуші ойында мадридтік «Атлетико» мен «Реал Сосьедад» кездесті
Испания кубогының финалы сенсациямен аяқталды
Сурет: ашық дереккөздерден

Матч Испанияның Севилья қаласындағы «Олимпико де Севилья — Ла Картуха» стадионында өтті. Бас төреші қызметін Сьюдад-Реалдан келген Хавьер Альберола Рохас атқарды. Негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында «Реал Сосьедад» 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудегі алғашқы голды «Реал Сосьедад» шабуылшысы Андер Барренечеа 15-секундта соқты. 19-минутта «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Адемола Лукман есепті теңестірді. 45+1-минутта Микель Оярсабаль пенальтиден гол соғып, өз командасын алға шығарды. Ал 83-минутта мадридтік клубтың шабуылшысы Хулиан Альварес таразы басын қайта теңестірді. Қалған негізгі және қосымша уақытта есеп өзгермеді — 2:2. Пенальти сериясында «Реал Сосьедад» ойыншылары дәлдік танытып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Алдыңғы кезеңде мадридтік «Атлетико» екі матчтың қорытындысы бойынша «Барселонаны» (4:0, 0:3) жеңсе, «Реал Сосьедад» Бильбаоның «Атлетик» клубынан басым түсті (1:0, 1:0).

Бұл жеңіс «Реал Сосьедад» үшін тарихындағы төртінші трофей болды. Өткен маусымда турнир жеңімпазы «Барселона» атанған еді. 2025 жылдың 26 сәуірінде каталондық клуб мадридтік «Реалды» қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңген.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5