Хабиб сүйікті командасына қолдау жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
17.04.26, 05:33
Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы, жеңілмеген ресейлік Хабиб Нурмагомедов футболға деген сүйіспеншілігі мен мадридтік «Реалға» жанкүйерлігі туралы пікір білдірді.
Хабиб сүйікті командасына қолдау жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Мен бала кезімнен футболды қадағалап келемін, сол кезде әлемнің үздік клубтары мені шақырады деп елестете де алмадым. Көптеген стадиондар мен түрлі командалардың жаттығу базаларында болдым. Бірақ „Реал Мадрид“ — менің жүрегімдегі клуб», — деп жазды Нурмагомедов Instagram парақшасында.

Ол жазбасына «қаймақтылардың» футболшыларымен және команданың бас бапкері Альваро Арбелоамен түскен суретін қоса жариялаған.

Еске сала кетейік, осы аптада «Реал» Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтап, екі матчтың қорытындысы бойынша мюнхендік «Бавариядан» ширек финалда жеңілді (1:2, 3:4). Ал Испания Ла Лигасында мадридтік клуб чемпионаттың аяқталуына жеті тур қалғанда көш бастап тұрған «Барселонадан» тоғыз ұпайға қалып келеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5