"Барселона" УЕФА-ға тағы шағым жасады

Автор
Алихан Ибраев
Автор
16.04.26, 16:54
«Барселона» ресми сайтында Чемпиондар лигасының ширек финалындағы мадридтік «Атлетикоға» қарсы қарымта матчтағы (1:2) төрешілікке байланысты УЕФА-ға шағым түсіргенін хабарлады.
"Барселона" УЕФА-ға тағы шағым жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Еске салайық, 9 сәуірде каталондық клуб командалар арасындағы алғашқы ойында (2:0) «Атлетико» жеңіске жеткен матчтағы арбитрлер жұмысына да шағымданған болатын.

«Клубтың пікірінше, екі матчта да ойын ережелеріне сәйкес келмейтін бірнеше төрешілік шешімдер қабылданды. Бұл ережелердің дұрыс қолданылмауы мен маңызды сәттерде VAR жүйесінің тиісті түрде араласпауынан болды.

“Барселона” ФК-ның ойынша, осы қателіктердің жиынтығы матчтардың өту барысына және қорытынды нәтижеге тікелей әсер етіп, клубқа айтарлықтай спорттық әрі қаржылық зиян келтірді.

Осы шағымда клуб бұған дейін УЕФА-ға жолданған талаптарды қайталап, сонымен қатар төрешілік жүйені жетілдіру мақсатында ұйыммен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдіреді. Бұл ойын ережелерін неғұрлым қатаң, әділ әрі ашық қолдануды қамтамасыз ету үшін қажет», — делінген «көк-қызылдардың» мәлімдемесінде.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5