«Қайрат» шабуылшысы Жоао Паулоға ота жасалды

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.06.25, 15:24
«Қайрат» футбол клубының бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло Бразилияның Натал қаласындағы Сан-Рафаэл госпитальінде сәтті ота жасатты, деп хабарлайды kpl.kz.
«Қайрат» шабуылшысы Жоао Паулоға ота жасалды
Фото: instagram/Кайрат

Хирургиялық операцияны тәжірибелі мамандар — доктор Освальдо Лара мен Родриго Брага жүргізді. Ота асқынусыз өтті, ал футболшының жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Биыл көктемде Жоао Пауло крест тәрізді байламды үзіп алған болатын. Осы ауыр жарақатына байланысты ол команда құрамынан уақытша шығып қалды. Қазіргі таңда ол Бразилияда қалпына келу кезеңін бастап кетті. Алғашқы реабилитация аяқталған соң, ол Қазақстанға оралып, «Қайрат» клубының медициналық штабының бақылауымен емін жалғастырады.

Жоао Паулоға тезірек сауығып, алаңға қайта оралуын тілейміз! 💪⚽🇰🇿

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5