Қазақстан Әзербайжанды екінші ойында да жеңе алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.04.26, 15:11
Қазақстан құрамасы футзалдан Ақтауда Әзербайжанға қарсы екінші жолдастық матч өткізді.
Қазақстан Әзербайжанды екінші ойында да жеңе алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Какау алаңға мына құрамды шығарды: Игита, Эдсон, Карменов, Ақбаликов, Оразов — Затыбеков, Кнауб, Дарибай, Валиуллин, Рашит, Абдуманапулы, Мадияров, Қайырбай, Дерябин.

Алаң иелері ойынды асықпай бастады. Есеп 14-минутта Азат Валиуллиннің голымен ашылды, бір минуттан кейін оны Ульви Алиев теңестірді. Қазақстанды алға шығарған Альберт Ақбаликов (17-минут) болса, оған Адалат Алакбаров (18-минут) жауап берді. Бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Альберт Ақбаликов (28-минут) дубль авторы атанды, ал ойынның нүктесін Дамир Қайырбай (33-минут) қойды — 4:2.

Айта кетейік, командалар арасындағы алғашқы матчта Қазақстан 9:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ол ойында дубльдерді Биржан Оразов пен Агедиль Мадияров жасады, сондай-ақ Лео Игита, Абдирасул Абдуманапулы, Альберт Ақбаликов, Ақжол Дарибай және Арнольд Кнауб бір-бір голдан соқты.

Футзалдан ФИФА рейтингінде Қазақстан 9-орында, ал Әзербайжан 53-орында тұр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5