Төртінші тур ойыны Қостанайда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Дастан алматылықтардың жалғыз голының авторы атанды.
«Дастан Сатпаев „Тобылға“ қарсы матчта өте мықты ойын көрсетті.
Ол бір гол соғып, бүкіл ойын бойы үлкен қауіп төндірді.
Үш қауіпті сәт жасап, шабуылда белсенді болды.
Үш соққы жасап, үшеуі де қақпаға дәл тиді — мінсіз дәлдік көрсетті.
Дриблингте де өте тиімді болды — 6 әрекеттің 5-і сәтті шығып, қорғаушыларға қиындық туғызды.
Сондай-ақ допсыз ойында да көп жұмыс атқарды: 4 қорғаныстық әрекет және 4 рет допты тартып алды.
Бұдан бөлек, 11 рет допты қайтарып, 9 жекпе-жекте жеңіске жетіп, жоғары энергиясы мен жанкештілігін көрсетті.
Сіз бұл талантқа тәнті болдыңыз ба?», — деп жазды O-O-P.
Еске сала кетейік, Дастан Сатпаев тамыз айында, кәмелет жасына толғаннан кейін, «Челси» клубына қосылады. Қазіргі уақытта ол «Қайрат» сапында жалға беру негізінде өнер көрсетіп жүр.