Қазақстандық клубтардың еурокубоктегі мүмкіндігі белгілі болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.04.26, 05:35
Халықаралық аналитикалық портал Footrankings алдағы маусымдағы Конференциялар лигасының себеттер құрамына болжам жасады.
Қазақстандық клубтардың еурокубоктегі мүмкіндігі белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Конференция лигасының жалпы кезеңіне қатысуы мүмкін 36 команда алты себетке бөлінген. Командалар УЕФА-ның клубтық коэффициентіне қарай орналастырылады. Бұл коэффициент клубтардың соңғы бес жылдағы еурокубоктардағы нәтижелеріне байланысты есептеледі. Ең мықты себетте (әдетте 1-себет) рейтингі ең жоғары командалар болады.

Өткен Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша ел намысын еурокубоктарда төрт клуб қорғайды: «Қайрат» — Чемпиондар лигасында, ал «Астана», «Тобыл» және «Елімай» — Конференциялар лигасында.

Порталдың болжамынша, Конференциялар лигасында Қазақстаннан жалғыз өкіл — алматылық «Қайрат» болады. Айта кетейік, бұл клуб биылғы маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсеткен. Ал «Астана», «Тобыл» және «Елімай» командалары турнирдің плей-офф кезеңіне ықтимал қатысушылар тізіміне енбеген.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5