"Астана" клубы жекеменшікке өту жайлы ресми мәлімдеме жасады

Автор
Алихан Ибраев
Автор
14.04.26, 14:53
«Астана» клубының баспасөз қызметі «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясымен келіссөздер туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Астана" клубы жекеменшікке өту жайлы ресми мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

«“Астана” ФК ресми мәлімдемесі.

Футбол клубы “Астана” бірқатар дереккөздерде тараған “ВД Строй-Инжиниринг” компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

Клуб аталған компаниямен сатылу немесе басқаруға беру жөнінде ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сондай-ақ, қазіргі таңда әлеуетті инвесторлар тарапынан ешқандай аудиторлық тексеріс жүргізілмейтінін ресми түрде мәлімдейміз.

“Астана” ФК БАҚ өкілдері мен жанкүйерлерді тек клубтың ресми ресурстарында жарияланған ақпаратқа ғана сенуге шақырады», — делінген Instagram-дағы хабарламада.

Еске салайық, 12 сәуір күні елордалық клубты құрылыс холдингі сатып алуы мүмкін екені туралы журналист Эльдар Аманбаев жазған болатын. Ол сондай-ақ ықтимал сатып алушы клубқа аудиторлық тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Қазіргі таңда «Астана» Қазақстан чемпионатындағы жекеменшікке өтпеген жалғыз топ-клуб болып қалып отыр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5