Манчинидің "Аль-Садды" чемпион атанды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
14.04.26, 11:55
«Аль-Садд» Катар чемпионатын жеңіп алып, өз тарихында 19-рет чемпион атанды. Роберто Манчини жаттықтыратын команда маусым аяқталуына бір тур қалғанда титулды қамтамасыз етті.
Манчинидің "Аль-Садды" чемпион атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұған «Аль-Шамал» клубының «Катар»-дан 0:2 есебімен жеңілуі әсер етті. Нәтижесінде «Аль-Садд» 21 матчтан кейін 42 ұпай жинаса, «Аль-Шамалда» 37 ұпай бар.

Бұл жетістік Доха клубы үшін қатарынан үшінші чемпиондық болды. Манчини үшін бұл бапкерлік мансабындағы 15-титул. Ол «Аль-Саддты» 2025 жылдың қарашасында қабылдап, 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойған.

Роберто Манчини бұған дейін де түрлі клубтармен табысқа жеткен. «Фиорентина» сапында 2000/2001 маусымында Италия кубогын жеңіп алды. Оның мансабындағы ең табысты кезең миландық «Интер»-мен байланысты: ол клубпен қатарынан үш рет чемпион атанды (2005/2006, 2006/2007, 2007/2008), екі рет Италия кубогын (2004/2005, 2005/2006) және екі рет Италия Суперкубогын (2005, 2006) жеңіп алды.

«Манчестер Сити» клубымен Манчини 2011/2012 маусымында Англия чемпионы атанып, 2010/2011 маусымында Англия кубогын иеленді. Сонымен қатар, ол «Галатасарай» клубымен 2013/2014 маусымында Түркия кубогын жеңіп алды.

Маман сондай-ақ 2017 жылдың 1 маусымынан 2018 жылдың басына дейін санкт-петербургтік «Зенит» клубын жаттықтырды.

Бұдан бөлек, Манчини 2008 жылы Италия чемпионатының үздік бапкері атанып («Алтын орындық» сыйлығы), сондай-ақ италиялық футболдың Даңқ залына енгізілген.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5