"Манчестер Юнайтед" пен "Лидс Юнайтед" арасындағы матч сенсациямен аяқталды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
14.04.26, 04:27
Ағылшын Премьер-лигасының 32-туры аясындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Лидс» арасындағы матч аяқталды.
"Манчестер Юнайтед" пен "Лидс Юнайтед" арасындағы матч сенсациямен аяқталды
Сурет: ашық дереккөздерден

Кездесу Англияның Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында өтті. Бас төреші қызметін Ланкаширден келген Пол Тирни атқарды. Ойын 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Матчтың 5-минутында «Лидс» шабуылшысы Ноа Окафор есеп ашты. 29-минутта Окафор дубль жасап, командасының басымдығын арттырды. 56-минутта «Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 69-минутта бразилиялық Каземиро бір голмен есеп айырмасын қысқартты.

Осы нәтижеден кейін «Манчестер Юнайтед» 55 ұпаймен АПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында қалды. Ал «Лидс» 36 ұпаймен 15-орында тұр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5