Гвардиола өз клубының соңғы нәтижелері жайлы мәлімдеме жасады

Автор
Алихан Ибраев
Автор
13.04.26, 09:44
"Манчестер Сити" бапкері Хосеп Гвардиола соңғы нәтижелер жайлы пікір білдірді.
Гвардиола өз клубының соңғы нәтижелері жайлы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола журналистің командасының маусым соңында неге қарқын қосқаны туралы сұрағына әзілмен жауап берді. Соңғы рет «Сити» АПЛ аясында қаңтардың ортасында жеңілген еді — сол кезде «қалалықтар» «Манчестер Юнайтедке» 0:2 есебімен жол берді.

«Күннің әсері! Жоқ, жоқ, әзілдеп тұрмын! Манчестерде ешқашан күн болмайды. Егер қарашада күн шығып тұрса, біз Премьер-лиганың чемпионын қаңтардың өзінде-ақ атанар едік. Шынын айтсам, бәрі күнге байланысты. Көңіл-күй де жақсарады», — деп келтіреді Гвардиоланың сөзін инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде.

Қазіргі таңда «Манчестер Сити» АПЛ турнирлік кестесінде 6 ұпайға алда тұрған «Арсеналдан» кейін екінші орында келеді. Сонымен қатар «қалалықтардың» бір ойыны артық бар.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5