Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесуді атыраулық төреші Руслан Сұлтанғалиев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері басымдық танытты. Дегенмен есеп тек бірінші таймның соңына қарай ашылды: Бакдаулет Зүлфиқаров өз айып алаңында қолмен ойнап, төреші пенальти белгіледі. Артур Шушеначев 11 метрлік соққыны дәл орындады.
Екінші таймда екі команда да гол соғуға мүмкіндік алғанымен, есеп өзгерген жоқ. Қорытынды нәтиже — 1:0, «Ақтөбенің» маусымдағы екінші жеңісі.
Осылайша, «Ақтөбе» жеті ұпаймен турнирлік кестенің ортасында орналасса, «Каспий» бір ұпаймен соңғы орында тұр.
«Ақтөбе» — «Каспий» 1:0 (1:0)
Гол: Шушеначев, 45 (пенальти) (1:0).