Алаң иелері алғашқы таймның ортасында есеп ашты. Айып алаңындағы ереже бұзушылықтан кейін белгіленген пенальтиді Қуаныш Қалмұратов сәтті орындады. Үзілістен кейін талдықорғандықтар таразы басын теңестірді. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Шохан Абзалов дәл соққысымен матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Осылайша, екі команда да төрт матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатқанымен, турнирлік кестедегі жағдайын айтарлықтай жақсарта алмады. 20 турдан кейін «Атырау» мен «Жетісудың» еншісінде 19 ұпайдан бар.
ҚПЛ. 20-тур
«Атырау» – «Жетісу» – 1:1 (1:0)
Голдар: Қалмұратов, 24 (пенальтиден) – 1:0, Абзалов, 50 – 1:1.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.