Бұл лондондық клубтың Австралиядағы оқу-жаттығу жиыны кезіндегі екінші ойыны болмақ. Бұған дейін, 28 шілдеде, «Челси» Сиднейде «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңген еді. Сол кездесуде 17 жастағы Сатпаев командасының алғашқы голын соғып, жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.
«Тоттенхэмге» қарсы кездесуде «Челсидің» негізгі құрамында қақпаны Тедди Шерман-Лоу қорғайды. Қорғаныс шебінде Марко Палестра, Леви Колуилл, Уэсли Фофана және Джорелл Хато алаңға шығады.
Жартылай қорғауда Дарио Эссуго, Ромео Лавиа және Коул Палмер ойнайды. Ал шабуылда Эстевао, Джейми Гиттенс және Жоао Педро өнер көрсетеді.
Қазақстандық жанкүйерлер енді Сатпаевтың матч барысында қосалқы құрамнан алаңға шығу мүмкіндігін күтеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.