Алматылық команданың жанкүйерлер қозғалысы Болгарияның "Левски" командасына қарсы қарымта кездесуге ауқымды сапар ұйымдастырмақ.
ASnews.kz мәліметінше, 11 тамызда "Түркістан Аренада" өтетін ойынға "Қайраттың" 800-ден астам жанкүйері барады. Оларды жеткізу үшін 20 автобус жолға шығады.
Белсенді жанкүйерлер матч барысында алматылық команданы арнайы бөлінген сектордан қолдамақ.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу 6 тамызда Болгарияда өтеді. Қарымта ойын 11 тамызда Түркістанда ұйымдастырылады.
Бұл кездесулердің қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алатын команда анықталады.
"Қайраттың" қарымта ойыны бастапқыда Алматыдағы Орталық стадионда өтуі тиіс болған. Бірақ стадионда америкалық рэпер Канье Уэстің концерті жоспарлануына байланысты футбол матчын Түркістанға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты алматылық клубтың жанкүйерлері командасын қолдау үшін Түркістанға арнайы сапар ұйымдастырып отыр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.