«Алматыдағы сиқыр қайталанды»: «Қайраттың» қорғаушысы «Омонияны» жеңу және Түркістандағы матч туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
30.07.26, 04:00
Алматылық «Қайраттың» португалиялық қорғаушысы Луиш Мата ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Кипрдің «Омониясына» қарсы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жеңісті матчтан кейін өз әсерімен бөлісті.
«Алматыдағы сиқыр қайталанды»: «Қайраттың» қорғаушысы «Омонияны» жеңу және Түркістандағы матч туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

«Келесі кезеңге өткенімізге өте қуаныштымыз. Тамаша ойын өрнегін көрсеттік, тіпті 11-ге 11 ойнағанда да ең үздік ойындарымыздың бірі болды, мүмкіндіктеріміз өте көп еді. Одан кейін де ойынды толық бақылауда ұстадық, 30-дан астам соққы жасадық деп ойлаймын. Өкінішке орай, көп мүмкіндікке қарамастан, екінші голды соға алмадық.

Пенальти сериясы өткен жылғыдай нағыз сиқыр болды. Жанкүйерлердің қолдауы қатты көмектесті, бәріміз өте қуаныштымыз. Енді кем дегенде қайсыбір еурокубоктың лига кезеңінде ойнайтынымызға кепілдік алдық, бірақ, әрине, біз бұдан да жоғары нәтиже қалаймыз», – деді португалиялық ойыншы.

«Соңғы 13 күнде 5 матч өткіздік»

«Енді біраз демалуымыз керек, өйткені соңғы 13 күнде 5 ойын өткіздік.

Бірінші таймнан кейін бапкер 1:0 есебімен ұтып жатқанымызға қарамастан, қарқынды арттырып, айып алаңына көбірек пас жасауды және соққы бағыттауды тапсырды. «Омонияның» қақпашысы Фабиано тамаша өнер көрсетті. Бірақ, түбінде біз бұл жеңіске толықтай лайық болдық, бұл ойында ойнағысы келген жалғыз команда біз едік. Қазір өте бақыттымыз және бар зейінімізді келесі кезеңге аударамыз».

«Түркістанда ойнау керек пе? Ешқандай сылтау болмауы тиіс»

«Келесі үйдегі ойынға келетін болсақ, матч Алматыда емес, Түркістанда өтетініне қарамастан, біз бұл кездесуге тыңғылықты дайындалып, барымызды саламыз. Әрине, менен сұрасаңыз, Алматыда ойнағанды қалаймын, өйткені бұл – біздің үйіміз және мұнда ғажайып еурокубоктық кештерді бастан өткердік. Бірақ сылтау айтуға болмайды. Егер Түркістанда ойнап, келесі кезеңге өту керек болса – ешқандай сылтау болмауы тиіс», – деп мәлімдеді Мата.

«Қайрат» Алматыда Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында (6:5) жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Мата негізгі уақыттағы жалғыз голдың авторы Эдмилсонға нәтижелі пас берген болатын.

Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті өтетіндіктен, «Қайраттың» келесі үйдегі ойыны Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

30.07.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11