Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.
Подкаст барысында “Қайсардың” сырт алаңда бір ұпай еншіленгені қақпашы Нұрымжан Салайдинның арқасы екені айтылды:
“Иә, Нұрымжанды жақсы танимын, араласамын. Ол өте еңбекқор жігіт, өз мүмкіндігін біраз күтті. Младеновтың кезінен бастап өз бағын күтіп жүрді, ал қазір мінекей, қатарынан екі жыл ойнауда. Ұлттық құрамаға ілінуі мүмкін деген жігіттердің бірі, оның ойынын бақылап жүрмін”, деді Елдос Ахметов.