Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.
Танымал футбол эксперті, экс-қақпашы Алмат Бекбаев “Оқжетпес” – “Қайсар” матчында болған даулы эпизод жайлы өз пікірін білдірді:
“Менің ойымша, қызыл қағаз беруі керек еді (Бөрібаевқа). Олай ойнауға болмайды, футболдың этикасы, мәдениеті бар. Ал ол болса, кәдімгі ауылда жүргендей, аяғымен теуіп. Ал қарсылас аяғына тигенде не болар еді?”
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов те бұл сәтке пікірін қосты:
“Негізгі фактор сол болып тұр ғой, аяғына тиген жоқ, негізі дөрекі болды. Енді бірінші жолы төреші Нұрғайниді кешірді деп ойлаймын. Келесі жолы осындай қателік, немесе дөрекілік болса, міндетті түрде қызыл қағаз көрсетіледі”.