Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.
Подкаст резиденті, танымал спорт комментаторы Ерсін Ерік “Ақтөбе” ойыншыларының физикалық дайындығы төмен екенін алға тартты:
“Мен алдында “Ақтөбе” туралы көп айттым ғой алдында. Содан бір жанкүйермен кездестім, мықты фанат екен, байланыстары бар екен, клубтан хабары бар екен. Есімін айтпай ақ қояйын. Сол кісі мынандай ақпарат жеткізді маған: Костов келген кезде физикалық дайындық жасамаған мүлдем командаға,физикалық команда дайын емес. Содан кейін олар физикалық жүктеме болмағасын Жуков жарақат алады, Сейдахмет жарақат алады, Қайыров жарақат алады. Физика жоқ, одан бөлек алдын ала оған айтқан екенін қай уақытта кететінін. Сосын бапкерде де мотивация жоғалған, жұмыс дұрыс жүрмеген. Содан кейін жаңа бапкер келді. Өткенде, “Арысқа” қарсы неге негізгі құрамды жығардыңыз деген сұраққа бапкер: “командаға физикалық жүктеме беріп жатырмыз”, деп жауап берді.