Фонтим резиденті Дидар Есімов "Қайрат" - "Ордабасы" матчында болған нәтижеге таң қалмағанын айтты:
"Негізі иә, күттім ("Қайраттың" жеңісін). "Қайрат" қазір керемет бабында ғой енді, еурокубоктерде ойнап жатыр, дайындығы мықты. Бірақ, мына матчтың ойын сценарийіне тез соғылған гол әсер етті деп ойлаймын. Гуаль 14-минутта гол соғып кетті, содан кейін "Қайрат" та өте прагматикалық тұрғыда ойнады. Допты қарсыласына беріп қойып, өздері сол қарымта шабуылдарды көздеп жүрді", – деді Дидар Есімов.