22 days ago 20.04.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Ақтөбе ФК Жеңіс ФК

Елдос Ахметов: "Ақтөбе" ойыншыларында ауызбіршілік жоқ

Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст жүргізушісі, белгілі комментатор және спорт журналисі Әлімжан Асқар "Жеңіс" – "Ақтөбе" ойынына шолуда “Ақтөбе” ойыншысы Пибенің нашар ойнағаны жайлы Елдос Ахметовқа сұрақ қойды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметовтың айтуынша, “Ақтөбе” сапында нашар ойнаған тек Пибе емес:

“Пибе ғана емес, бүкіл команда негізі ахуалда жүр деп ойлаймын. Түсініспеушілік бар, ауызбіршілік жоқ. Бір шәй ішу керек деген сияқты әңгімелер керек болып тұр “Ақтөбеге”. Содан кейін, бұл ойынның бір қысымы сондай болды, ойыншыларға әсер етіп жатқан сияқты. Өйткені, Заруцкийдің өзінде қобалжу бар болды, оны “Қайрат” кезінен жақсы білемін, бұрын ондай болмаған, сөйтсем, ол қобалжу бүкіл балаларда бар екен”, – деді Елдос Ахметов.

Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турында “Жеңіс” өз алаңында “Ақтөбеден 1:0 есебімен басым түсті.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5